Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Парижде терроризмге қатысы бар үш күдіктіге айып тағылды

НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Париж соты лаңкестікке жәрдемдескені үшін үш күдіктіні айыптады, деп Agence France-Presse хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Агенттіктің соттағы дереккөзінің айтуынша, «бұл адамдар Сирия-Ирак аймағында жүрген француз текті жиһадшыға  қаржылық және техникалық көмек көрсетті деген күдікке ілінген».

Күдікті лаңкестерді ұстау операциясын сейсенбі күні Францияның солтүстік-шығысындағы Реймс қаласында Ішкі қауіпсіздік бас басқармасы мен RAID арнайы жасақтарының қызметкерлері жүргізді.

Бейсенбі күні елдің терроризмге қарсы прокуратурасының басшысы Жан-Франсуа Рикар France Info радиосына   Францияда лаңкестік қаупі әлі сақталатынын ескертті. Ол 2017 жылдан бері Францияның арнайы қызметтері ел аумағында дайындалып жатқан 39 лаңкестік әрекеттің алдын алғанын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *