НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Жұма күні Буркина-Фасода қолдан жасалған жарылғыш зат жарылып, кем дегенде төрт бейбіт тұрғын қаза болды,деп «Синьхуа» агенттігі жергілікті қауіпсіздік органдарындағы аты-жөнін атамауды сұраған дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Оның айтуынша, әскери күзетпен азаматтық автоколоннада Джибодан Уагадушаға бара жатқан трицикл қолдан жасалған жарылғыш затқа тап болыпжарылып, кем дегенде төрт адамның өмірін қиды. Оқиға Бурзанга ауылында болған, дейді дереккөз.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыстан тағы екі адам зардап шеккен.