НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. Бразилияның әскри-әуе күштері жексенбі күні бортында 500 келі кокаин бар жеңіл моторлы ұшақты ұстады, деп хабарлайды қорғаныс мекемесінің баспасөз қызметі. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Екі A-29 Super Tucano ұшағы әуе кемені бақылау және оны ұстап алу үшін ауаға көтерілді», — делінген әскери-әуе күштері сайтында.
Белгілі болғандай, жеңіл моторлы ұшақтың ұшқышы байланысқа шықпай, көрсетілген аэродромға қону талабын орындаудан бас тартқан соң, әскери ұшқыштар ескерту оқтарын жаудырған.
Ұшақ Сан-Паулу штатының ауылдық аймағына қонғаннан кейін оқиға орнына жеткен полиция тобы бортынан 500 кг кокаин пастасын тапты. Ұшақ борттағы екі контрабандашы қашып үлгерген.