Сириядағы ежелгі Пальмира қаласына исламшыл жихадшылар қайта енген деп хабарлады батыс ақпарат құралдары.
ВВС-дің хабарлауынша, үкімет армиясына қарсы бірнеше күнге жалғасқан шайқастан кейін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы күштері Пальмира қаласына қайта кірген. Қазір олар қала төңірегінде үкімет әскерімен соғысып жатыр деп хабарланды.
Үкімет армиясы биыл наурызда исламшыл содырларды Пальмирадан ығыстырып шығарған. Қаланы тоғыз ай бойы қолында ұстаған исламшылдар ондағы әлемдік ежелгі тарихтың аса құнды көптеген ескерткіштерін талқандап, жойған.
Дереккөз: Азаттық Радиосы