ТМД елдерінің басшылары Бішкекте 17 құжат қабылдады.Соның ішінде, 2017-2019 жылдарға терроризм мен зорлық танытқан экстремизмге қарсы күреске Достастық мемлекеттердің қатысушыларының ынтымақтастық бағдарламасы.
Мәжіліс қатысушылары қол қойған құжаттардың ішінде – ТМД-нің заманауи болмысқа бейімделуі туралы шешім, Достастық елдердің экономикалық соты туралы шешім.
Сонымен қатар саммитте ТМД елдерінің 2016-2020 жылдарға ақпараттық технологияларды қолданумен жасалған қылмыстарға қарсы күрес бағдарламасы қабылданды, және әлемдік нашақорлық проблемалары туралы БҰҰ Бас ассамблеясы арнайы сессиясының нәтижесі бойынша арыз қабылданды.
Сонымен қатар, Достастықта 2017 жыл Отбасы, ал 2018 жыл – Мәдениет жылы деп жарияланды.
Айта кетсек, келесі ТМД елдері басшылары Кеңесінің отырысы 2017 жылдын қазан айында Ресейде өтеді. Бұл туралы журналисттерге Минскте Атқарушы комитетінің төрағысы ТМД-нің атқарушы хатшысы Сергей Лебедев баяндады.