НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатында содырлар төрт бейбіт тұрғынды өлтіріп, тағы 15 адамды ұрлап әкетті, деп Vanguard басылымы хабарлайды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Басылымның мәліметінше, оқиға Каджуру аймағында болған.
«Лаңкестер Ибуру ауылында төрт тұрғынды өлтіріп, тағы 15 адамды ұрлап әкетті», — деп жазады басылым.
Африканың ең көп қоныстанған елі Нигерияда соңғы айларда адам ұрлау, бандитизм және экстремистер шабуылдары сияқты бірқатар қауіпсіздік оқиғалары орын алды.