Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Соңғы 4 жылда Батыс Африкада террордан  14 мыңнан астам адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде. Соңғы 4 жылда аймақта ұлғайған террорлық шабуылдар себепті 5.5 миллион адам босқынға айналған, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Батыс Африкада артқан лаңкестік әрекеттер салдарынан 4 жылда 14 мың 500 адамның өмірін қиғаны хабарланды.

Батыс Африка Мемлекеттері Экономикалық қауымдастығының бұрынғы комиссия төрағасы Жан-Клод Касси Брау мен комиссияның жаңадан тағайындалған төрағасы, доктор Омар Алиеу Турай міндет алмастыру мақсатымен Нигерияның астанасы Абуджа қаласында кездесті.

Броу осында жасаған мәлімдемесінде Батыс Африка елдерінің ең маңызды проблемаларының бірі терроризм екенін айтты.

Соңғы 4 жылда аймақта ұлғайған террорлық шабуылдардың 5.5 миллион адамды босқынға айналдырғанын атап көрсеткен Броу шабуылдарда кемінде 14 мың 500 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Аймақтағы қауіпсіздік мәселелерінің соңғы 4 жылда нашарлағанын атап өткен Броу жаңадан тағайындалған комиссар Турейді аймақтағы терроризмнің таралуын азайту үшін көбірек әрекет етуге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *