Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарасора-2022: Қызылорда облысының полицейлері ірі мөлшерде есірткі еккен тұрғынды ұстады

ҚЫЗЫЛОРДА, 18 шілде. Қызылорда облысының полицейлері “Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде​ 4116​ түп сора өсімдігін еккен тұрғынды ​ ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

37 жастағы​ жұмыссыз қала тұрғыны Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Жуантөбе ауылынан оңтүстік батысқа қарай 45 шақырым жердегі​ шеңгел мен сексеуіл арасында сора өсірген.​ Арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы ​60-70 сантиметрге жеткен. Осы аумаққа келген көліктердің дөңгелектерін тесу мақсатында ​қаскүнем ауыл маңындағы жолдарға қолдан жасалған металл шыбықтарды тастаған.

Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, заң бұзушының​ жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар, екі насос, палатка, мотор, 20 метрлік​ шланга, күрек, кетпен тәркіледі. ​4 116 түп ​ көлемінде ​ тәркіленген ​ сора өсімдігінің​ жалпы салмағы 34 келі, ал ​кептірілген марихуана 696 грамм көлемінде болып шықты.​ Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына ​ қамауға алынды.​ ​

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және 300-бабының 2-бөлігімен​ (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *