Сирияда екінші қала саналатын Алеппода лаңкестерден азат етілуі тиіс 3 аудан ғана қалды, хабарлайды Хабар 24.
Осылайша шаһардың 96 пайызы үкімет жасағының бақылауына өткен. Соңғы бір тәулікте мұнда 6 бірдей аудан жаудан тазартылды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жағдай лаңкестер арасында дүрбелең туғызған. Олардың кейбірі өз еркімен берілсе, басқалары туннельдер арқылы қашып кетуге тырысып жатыр. Жалпы Алеппо үшін шайқас қарашада басталған. Соңғы мәлімет бойынша, 2 мың 215 содыр өз еркімен қаруын тастауға келіскен. Солардың 96 пайызына рақымшылық жасалды.
Дереккөз: Хабар 24