НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. Еуропа Одағы PПK және DHKP-C сияқты 13 адам мен 21 ұйымды қамтитын «террор тізімін» 6 айға ұзартты, бұл туралы TRT жазады.
Кеңестің жазбаша мәлімдемесінде ЕО 2020 жылдың 30 шілдесінде «террористер» деп жарияланған адамдар, топтар мен ұйымдардың қаржы байлықтарын бұғаттау санкцияларын қамтыған арасында PПK және DHKP-C сияқты 13 адам мен 21 ұйым бар «террор тізімін» ұзартуға шешім қабылдағаны білдірілді.
Еуроодақ 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та ұйымдастырылған террорлық шабуылдарданк ейін құраған тізімді мүше елдермен көзқарас алмастыру арқылы 6 айда бір рет реттеп келеді.
Еуроодақта Аль-Каида* мен ДАИШ* лаңкестік ұйымдарына Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары қолданылатын жеке санкциялық режим және өз санкцияларын енгізетін басқа бір механизм атқарылады.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым