Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Рим Папасы Нұр-Сұлтанда қандай шараларға қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 02 тамыз. Рим Папасы Франциск 2022 жылғы 13-15 қыркүйек аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін жария етті. Сыртқы істер министрлігі Рим Папасының біздің елге сапарының бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сапардың бірінші күнінің бағдарламасында оның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері қарастырылған.ҚР СІМ баспасөз қызметі

Рим-католик шіркеуінің басшысы сапарының екінші күнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына және пленарлық отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесулерге қатысады деп күтілуде.

14 қыркүйекте Рим Папасы Франциск мыңдаған католик дінін ұстанушылар, оның ішінде Қазақстан астанасына арнайы келетіндері үшін дұға (месса) өткізеді.ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сапардың соңғы күнінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуына және оның қорытынды декларациясының қабылдануына қатысуды, сондай-ақ Рим-католик шіркеуінің Қазақстандағы және көрші елдерден келетін дін қызметкерлерімен, монахтарымен және семинаристерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, Рим-католик шіркеуі басшысының, атап айтқанда, Папа Иоанн Павел II-нің Қазақстанға тұңғыш сапары 2001 жылғы 22-25 қыркүйек аралығында өткен.

Папа Франциск – Қазақстан астанасында дәстүрлі түрде үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуын растаған Рим-католик шіркеуінің бірінші басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *