НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз. Бірінші Шығыс округтік әскери соты «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жарияланған пікірлерінде теракт жасауға жария түрде шақырғаны үшін кінәлі деп танылған Новосібір тұрғынына 400 мың рубль көлемінде айыппұл салды, деп ФҚҚБ аймақтағы ресми өкілі Ирина Зеброва мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Бірінші Шығыс округтік әскери соты Новосібір азаматын Ресей Қылмыстық кодексінің 205.2 бабының 2-бөлігінде(«Террорлық әрекетке жария түрде шақыру немесе ақпараттық және телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып терроризмді жария түрде ақтау») және Ресей Қылмыстық кодексінің 280-бабының 2-бөлігінде («Интернет желісін пайдалана отырып, экстремистік әрекетке жария түрде шақыру») көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Оған Ресей Қылмыстық кодексінің 64-бабын («Осы қылмыс үшін қарастырылғаннан жеңілірек жаза тағайындау») қолданып, 400 мың рубль айыппұл түріндегі үкім шығарылды», — деді Зеброва.
Ол белсенді түрде өкінгені үшін сот ер адамның жазасын жеңілдеткенін түсіндірді. ФҚҚБ хабарлауынша, ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде 2019 жылдың наурызында Жаңа Зеландиядағы мешітте 50-ден астам мұсылманның қырғынға ұшырағаны туралы жаңалық астында лаңкестікке шақырған пікірлерді жариялаған.
«Сараптама орталығы» автономды коммерциялық емес ұйым жүргізген психологиялық және лингвистикалық зерттеу азамат жариялаған мәтіндердегі террористік әрекетті жүзеге асыруға шақыру немесе терроризмді ақтау, экстремистік әрекетті жүзеге асыру, сондай-ақ қоғамға психологиялық әсер ету белгілерінің мазмұнын растады», – деп нақтылады Зеброва.