НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз.Бес жыл бұрын Санкт-Петерборда теракт жасаған Ресейде тыйым салынған «Катиба Таухид валь-Джихад» тобының қаржыгері Мәскеуде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп РФ ФҚҚ мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«2-Батыс округтік әскери сотының Сирия Араб Республикасының аумағында әрекет ететін «Катиба Таухид валь-Джихад» террористік ұйымын қаржыландыру арнасын басқарған Орталық Азия елдерінің бірінің азаматы Ахмедов Рафикжон Рахимжон углиге қатысты үкімі күшіне енді», — делінген хабарламада.
«Террористік әрекетке жәрдемдескені» үшін ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, алғашқы үш жылын түрмеде, ал қалған жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.
Өткен жылы Санкт-Петербург, Мәскеу, Орынбор, Якутск, Түмен және Қазан қалаларында өткен ауқымды операция кезінде Ахмедов пен оның қазір сотталған сыбайластары ұсталған.
2017 жылы сәуірде Санкт-Петербор метросындағы жарылыстың артында тұрған «Катиба Таухид валь-Джихад» ұйымы 2019 жылдан бері Ресейде террористік ұйым деп танылды. Ресей облыстарынан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Орталық Азияның басқа да елдерінен осы топтың жақтастарының тұтқындалғаны туралы жаңалықтар жиі келіп тұрады.