НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 тамызда Руставели көшесінде шетелдік азаматтан метамфетаминнің аса ірі партиясы — 20 брикет тәркіленді, деп Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Есірткілердің жалпы салмағы 10 келіден асады.
«Тәркіленген заттың бір граммының қара нарықтағы бағасы 4500 сом. Тәркіленген есірткінің жалпы сомасы шамамен 45 миллион сомды немесе Қырғызстан Ұлттық банкінің бағамы бойынша жарты миллион доллардан асады», — делінген хабарламада.
Осы факті бойынша Иран тумасы ұсталды.
«Сотқа дейінгі іс жүргізу аясында аталған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», — деп толықтырды баспасөз қызметі.