Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомали арнайы жасақтары содырлар басып алған қонақүйден 100-ден астам адамды босатты

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз.Сомали қауіпсіздік күштері содырлар басып алған астаналық Hite қонақүйінен кепілге алынған 106 адамды босатты, деп Сомали федералды полициясының басшысы генерал Абди Хаджар мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады.

«Қонақ үйді басып алған содырларды жою операциясы сенбі күні түн ортасы шамасында аяқталды», —  деп оның сөзін Somali Guardian жаңалықтар порталы келтіреді. — Hite қонақүйін «Аш-Шабаб» тобының лаңкестерінен тазарту аяқталды. 106 адам құтқарылды, қаза  болғандардың санын Денсаулық сақтау министрлігі кейінірек хабарлайды.

Сонымен бірге, Сомали БАҚ-ы содырлардың қонақүйді басып алуы және одан кейінгі шайқас кезінде 15-тен 40-қа дейін адам қаза тауып , 70-ке жуық адам жараланғанын хабарлады.

«Аш-Шабаб» лаңкестері жұма күні түнде Могадишоның орталығында шенеуніктер мен әскерилер арасында танымал қонақүйге шабуыл жасады. Шабуыл алдында үш  жарылыс болды. Содырлар тобы ғимаратқа басып кіріп, оның ішінде бекініп үлгерген. Көмекке келген полиция бөлімшесіне  торуылға тап болды. Таңертең ерте қонақ үй маңына артиллериялық бөлімше орналастырылды, олар ғимаратты атқылай бастады.

Арнайы жасақ сенбі күні  екі рет қонақүйге кіріп, адамдарды шығарып үлгерген. 20 тамыз күні кешке Сомали қолбасшылығы артиллериялық атыспен содырлар тосқауыл қойған ғимараттың бір бөлігін жою туралы шешім қабылдады.

«Аш-Шабаб» 2004 жылы Сомалиде құрылған. 2008 жылдан бері оның содырлары оқтын-оқтын лаңкестік әрекеттер жасап келеді. 2010 жылға қарай топ орасан зор аумақтарды басқарды, бірақ 2011 жылдың жазында ол Сомали астанасы Могадишоды тастап, ел үкіметі мен оның одақтастарына қарсы партизандық тактикаға көшуге мәжбүр болды. 2012 жылдың ақпанында «Аш-Шабаб» басшыларының бірі содырлардың «Әл-Каида»* террористік ұйымына қосылғанын хабарлады. «Аш-Шабаб» тобының жалпы саны әртүрлі мәліметтер бойынша 10 мың содырға дейін жетеді.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *