Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пәкістанның солтүстік-шығысында 43 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Пәкістанның Лахор қаласында ( cолтүстік-шығыс Пенджаб провинциясы) екі арнайы операция нәтижесінде жалпы салмағы 42 900 келі болатын есірткі партиясы тәркіленді, деп The Frontier Post газеті хабарлайды. Бұл туралы «Известия» басылымына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес басқармасы (ANF) атап өткендей, қызметкерлер екі есірткі сатушыны да қамауға алды.

Бұған дейін 24 сәуірде Доминикан Республикасының есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық басқармасының қызметкерлері салмағы 195 келіден асатын кокаин партиясын тәркілегені хабарланған болатын. Есірткі ел астанасы Санто-Доминго қаласының маңындағы порттардың бірінен Пуэрто-Рикоға жөнелтілуі керек болған жүктен табылды.

13 сәуірде Канар аралдарының маңында испан полициясы 3 тонна кокаин тиелген балық аулайтын қайықты тоқтатты, бортындағы бес адам ұсталды. Табылған кокаиннің бөлшек саудадағы құны 72 миллион еуроны (77,80 миллион доллар) құрайтыны, есірткі жүктері жанармай цистерналарының бірінде жасырылғаны атап өтілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *