Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей ФҚҚ Үндістанда теракт жасамақ болған ДАИШ жанкештісін ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Ресейде «Үндістанның билеуші ​​топтары өкілдерінің біріне» қарсы теракт ұйымдастырмақ болған «Ислам мемлекетінің» * жанкештісі ұсталды, деп РФ ФҚҚ хабарлайды. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«РФ ФҚҚ Үндістанның билеуші ​​топтар өкілдерінің біріне қарсы өзін-өзі жару арқылы лаңкестік әрекет жасамақ болған Орталық Азия аймағындағы елдің тумасы, Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* халықаралық террористік ұйымының  мүшесін Ресей аумағында анықтап, ұстады», — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, ол сәуірден маусым аралығында Түркияда жүрген, сол жерде оны ИМ басшыларының бірі жанкешті ретінде жалдаған. Оған Telegram арқылы қашықтан және Ыстамбұлдағы жеке кездесулерде ықпал жасаған.

«Нәтижесінде лаңкес ИМ әміріне адал болуға ант берді. Осыдан кейін оған Ресей аумағына кетіп, қажетті құжаттарды рәсімдеп, резонансты лаңкестік әрекет жасау үшін Үндістанға ұшып кету міндеті жүктелді», — деп қосты ФҚҚ.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *