Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шойгу: Ресей Тәжікстан мен Қырғызстандағы базаларының жауынгерлік әзірлігін арттырады

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз. Ауғанстандағы жағдай аясында Ресей Тәжікстан мен Қырғызстандағы базаларының жауынгерлік әзірлігін арттыруда, деп хабарлады РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу. Бұл туралы  РИА Новостиге сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды .

«Біз өз тарапымыздан Қырғызстан мен Тәжікстандағы ресейлік әскери базалардың, сондай-ақ басқа да ықтимал дағдарыстық жағдайларға ден қою күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттырып жатырмыз », — деді Шойгу ШЫҰ елдерінің әскери ведомстволары басшыларының отырысында.

Оның айтуынша, «Орталық Азиядағы қауіпсіздікке Ауғанстандағы жағдай — ДАИШ* және «Әл-Қаида»* сияқты халықаралық лаңкестік ұйымдар белсенді бола бастағаны күрделі сын болып қала береді.

«Елде жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар аясында әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, діни радикализм идеологиясы орнатылып, есірткі тасымалы мен шекаралық қылмыс өркендеуде», — деді министр.

Ресей Ауғанстандағы жағдайды реттеу бойынша кез келген халықаралық бастамаларды құптайды және сонымен бірге Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, деді ол.

Шойгу маусым айында Мәскеуде Орталық Азия елдері мен Ресей қорғаныс ведомстволары басшыларының бірінші кездесуі өткенін, оның барысында Ауғанстандағы жағдай мен оны тұрақтандыру жолдары қарастырылғанын еске салды.

«Біз мұндай кездесулер ШЫҰ алаңында сұранысқа ие болады деп ойлаймыз, соның ішінде біздің құқық қорғау органдары арасындағы үйлестіруді күшейту үшін де. Ауғанстан ШЫҰ-да бақылаушы мемлекет болғандықтан да», — деп түйіндеді сөзін Шойгу.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *