НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз. Үндістанның арнайы қызметтерінің өкілдері ресейлік және өзбекстандық әріптестеріне, Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) ұстаған Үндістанның билеуші топтарының өкілдеріне қарсы теракт жасауды жоспарлаған «Ислам мемлекетінің» содырына қол жеткізуді сұрап жүгінді, деп Hindustan Times газеті хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Басылымның мәліметінше, ұсталған Өзбекстан азаматы. Үндістанның арнайы қызметтері Азамов есімді лаңкесті Үндістанда дайындалып жатқан терактіге қатысты нақты жауап алу үшін тапсыру мүмкіндігін зерттеу үшін ресейлік және өзбек әріптестерімен байланыста, деп жазады газет.
Hindustan Times сондай-ақ «Үндістанның арнайы қызметтері Ресей ФҚҚ-тінен Азамовты қару-жарақпен қамтамасыз етуі тиіс ИМ-нің жергілікті ұяшығын анықтау үшін одан жауап алу туралы есеппен бөлісуді сұрағанын» атап өтеді. Үндістанның ресейлік және өзбек агенттіктерімен тығыз ведомствоаралық байланысын ескерсек, қастандықтың үнділік жағы жақын арада әшкереленуі әбден мүмкін, деп жазады басылым.
Газеттің хабарлауынша, Үндістанның барлау қызметтері маусым айында «Мұхаммед пайғамбарды қорлағаны үшін» радикал исламшылардың Үндістанда теракт жасау ниеті туралы шетелдік әріптестерінен ескерту алған. Үндістан кейбір елдерге, соның ішінде Катар, Кувейт, Түркия және Орталық Азия республикаларына визалық бақылауды күшейткен кезде жанкешті Мәскеу арқылы өтетін жолды таңдаған, деп жазады Hindustan Times.
Дүйсенбі күні РФ ФҚҚ-нің қоғаммен байланыс орталығы РФ аумағында ФҚҚ Үндістанның билеуші топтарының өкілдерінің біріне қарсы өзін-өзі жару арқылы террорлық акт жасауды жоспарлаған Орталық Азия өңірінде туылған «Ислам мемлекеті» ұйымының мүшесін анықтап, ұстағанын хабарлады. Ұсталған азамат Үндістанда Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізгені үшін қылмыс дайындап жүргенін мойындады.
Times Now телеарнасы сейсенбіде дереккөздерге сілтеме жасап, Нью-Дели содырдың ұсталуына байланысты Ресейге өзінің арнайы қызметі мен сыртқы барлау мамандарының тобын жіберетінін хабарлады.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым