Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Яһудея мен Самарияда іздеуде жүрген 14 лаңкес ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз. ЦАХАЛ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше түнде Яһудея мен Самарияда лаңкестік әрекетке күдікті тұлғаларды ұстау бойынша «Волнорез» кең ауқымды операциясы жалғасты, деп newsru.co.il сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Операцияға әскерилер, шекара полициясының жауынгерлері және Жалпы қауіпсіздік қызметінің (ШАБАК ) қызметкерлері қатысты.

Операциялар Дженин және Шхем қалаларында, Зита, Синджил, Сабах әл-Хир, Ихтаба, Кифал Джерат, Буркин, Дир әл-Баша, Силуад, Әл-Фауар ауылдарында жүргізілді. Бірқатар елді мекендерде содырлармен және жергілікті халықпен қақтығыстар болды. Буркинадағы операция кезінде израильдік бір сарбаз жеңіл жарақат алды.

Кеше түнде жүргізілген операциялар барысында іздеуде жүрген 14 лаңкес ұсталды, деп ЦАХАЛ баспасөз қызметі хабарлады. Ұсталғандар жауап алу үшін ШАБАК  тергеушілеріне тапсырылды. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *