НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз. Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор қаласында АҚШ күштері орналасқан Омар және Кунико табиғи газ орындарының айналасына зымырандық шабуылдар жасалды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Шабуылдарда табиғи газ кен орнына зақым келген жоқ.
АҚШ күштері зымыран атылған бағытқа артиллерия мен зымырандарды атқылаған.
АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) жасаған мәлімдемеде «Шабуылдың артында Иран қолдайтын лаңкестік топтар бар және АҚШ-тың тиісті жауапты қайтарды» делінді.
CENTCOM жасаған жазбаша мәлімдемеде шабуылға қатысқан Иран қолдауындағы 2 немесе 3 содырдың өлтірілгені, 3 көлік пен көптеген оқ-дәрінің болса жойылғаны білдірілді.
Евфрат өзенінің шығысындағы Дейр эз-Зор жерлерін АҚШ YPG/PKK террор ұйымының басқыншылығында болса, қалған ауылдық аймақтар мен қала орталығы Асад режимі мен ираншыл топтардың бақылауында тұр.
Дейр-эз-Зордың АҚШ пен Иран қолдайтын террористік топтар бар аймақтар соңғы уақытта жиі нысанаға алынады.