НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз. Ирактың солтүстігіндегі Найнава провинциясындағы Зликан түрік әскери базасы зымырандық шабуылға ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости Ирактың қауіпсіздік органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Ирактың солтүстігіндегі Найнава провинциясындағы түрік армиясының базасы болған Зликан әскери лагеріне зымырандар атылды. Зымырандар Мосул қаласынан атылған, атқылау салдарынан болған шығын туралы ақпарат жоқ», — деді дереккөз.
Кейінірек Ирактық Күрдістанның терроризмге қарсы басқармасы Найнава провинциясының Баашик ауданынан жүк көлігінен тоғыз зымыран атылғанын хабарлады.
Күрдістан жұмысшы партиясымен қарулы қақтығыс Түркияда 1984 жылы басталып, 2015 жылы қайта жалғасты. Ирактың солтүстігінде Түрік қарулы күштерінің әуе және құрлық операциясы жүргізетін КЖП-ның базалары бар. Мосулдың солтүстік-шығысындағы Зликан лагерінде түрік әскерінің болуы Бағдад пен Анкара арасында ұзақ уақыт қайшылық туғызды.Анкара оның болуын Түркияда тыйым салынған КЖП-мен күресу қажеттілігі ретінде негіздейді.