НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз. Кувейттің ішкі істер министрлігі бейсенбі күні елдің жағалау күзеті сол күні шамамен 80 келі есірткі тәркіледі және екі есірткі сатушыны өлтірді деп мәлімдеме жасады, деп Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» хабарлайды.
Мәлімдемеде Ішкі істер министрлігіне қарасты Есірткімен күрес департаментінің кеменің теңіз арқылы Кувейтке есірткі әкелмек болғаны туралы ақпарат алғаннан кейін дереу жағалау күзетінің теңізге шығуын үйлестіргені атап өтілді.
Есірткі сатушылар қауіпсіздік күштеріне оқ жаудырды, атыс кезінде екі есірткі сатушысы өлтірілді, тағы біреуі жараланды, кейін ол ұсталды.
Кеме бортынан 80 келіге жуық есірткі тәркіленді.
Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері Синьхуа агенттігіне өлтірілген екі есірткі сатушының Ирак азаматтары екенін айтты.