АСТАНА, 24 қыркүйек. Сомали ұлттық армиясы бір күн бұрын Сомали орталығындағы Галмудуг аймағында қиян-кескі ұрыстар кезінде 15 «Аш-Шабаб» содырын өлтірді деген ақпаратты ел үкіметі растады. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Сомали ақпарат, мәдениет және туризм министрлігінің хабарлауынша, содырлар әскери базаларды басып алмақ болған кезде өлтірілген.
«Алдын ала ақпарат бойынша Сомали күштері жергілікті халықпен бірлесе отырып, лаңкестік топтың армия базаларына шабуыл жасау әрекетінің жолын кесті», — делінген ел астанасы Могадишода таратқан министрлік мәлімдемесінде.
Үкімет бүкіл ел бойынша терроризмге қарсы шараларды күшейтуге уәде берді және «Аш-Шабаб» адастырғандарды қаруларын тастап, содырлық идеологиядан бас тартуға шақырды.
Әскердің қолдауымен Маавислей /Ma’awisley/ деп аталатын жергілікті үкіметті қолдайтын жасақ бір айдың ішінде Хиран мен Галмудугтағы тағы бірнеше ауылды азат етті. Үкіметті құлату үшін күресіп жатқан экстремистік топты Сомалидің орталығындағы Хиран аймағынан қуып шығу үшін жергілікті жасақтардың қолдауымен үкімет күштерінің орасан зор қысымы мен шабуылына тап болды.
«Аш-Шабаб» Могадишодан 2011 жылы шығарылды, бірақ әлі күнге дейін үкіметтік мекемелерге, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және қоғамдық орындарға шабуыл жасауда.