АСТАНА, 26 қыркүйек.Ресей Федерациясына қарасты Удмуртия Республикасының Ижевск қаласындағы бір мектепке белгісіз біреудің қарулы шабуылы салдарынан 9 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Ресей Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Ресейдің Удмуртия облысындағы Ижевск қаласындағы №88 мектепке белгісіз біреу қарулы шабуыл жасады.
Ресей Тергеу комитеті жасаған мәлімдемеде қарағанда шабуылда араларында 2 күзетші, 2 мұғалім және 5 оқушы бар барлығы 9 адамның қаза тапқаны білдірілді.
Оқиға орнына қауіпсіздік күштері жөнелтіліп, оқушылар мен мұғалімдер мектептен эвакуацияланды.
Шабуылдаушының болса өз-өзіне қол жұмсағаны айтылады.