Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Доминикан Республикасының батысында 470 келіден астам кокаин тәркіленді

АСТАНА, 03 қазан. Доминикан Республикасының Есірткі айналымын бақылау жөніндегі ұлттық басқармасының мамандары елдің батысында жалпы салмағы 470 келіден асатын кокаин партиясын тәркіледі, деп жұма күні ведомствоның баспасөз қызметі  хабарлаған. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Мекеменің ақпараты бойынша,кокаин пакеттері  Бараона провинциясының жағалауына жақын жердегі кеме бортынан  тәркіленген. Есірткі трафигі желісін ұйымдастырды деген күдікпен Доминикан Республикасының үш азаматы мен Колумбияның бір азаматы ұсталды.

Доминикан республикасы Америка Құрама Штаттары пен Еуропа елдеріне есірткі тасымалдайтын ірі орындардың бірі болып табылады. Жыл басынан бері құқық қорғау органдарыДоминикан Республикасының  әртүрлі қалалары мен порттарында 25 тоннаға жуық есірткі заттарын тәркіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *