Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Көкшетау полицейлері елордадан келген есірткі қойып кетушіні ұстады

КӨКШЕТАУ, Ақмола облысында есірткі қойып кетуші елордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Елордадан Ақмола облысының аумағына келген психотроптық заттардың кезекті жасырушысын Ақмола жедел уәкілдері 2 қазанда ұстады. Жеке тінту кезінде есірткімен күрес полицейлері ұсталған адамның барсеткасынан бір байламды тауып алып, тәркіледі. Оның ішінде ақ түсті ұнтақ консистенциясы бар өлшеп оралған 45 жасырулар болды, жедел қызметкерлер күртешенің қалтасынан тағы осыған 37 ұқсас байламды тауып алды. Тәркіленген есірткі психотроптық а–PvP екені расталды. Оның салмағын сараптама анықтайды.

Сондай-ақ, есірткімен күрес полицейлері телефонды тәркіледі, оған ұсталған адам жасырулар қойылған жерлерден фотоесептер жүргізіп, өзінің “кураторымен” байланысқа шығып отырған. Ұсталған адам полицейлерге түсіндіргендей, екі апта бұрын Instagram әлеуметтік желісінде ол осы жұмыс туралы хабарландыруға тап болған. Хабарландыру авторы қарапайым жұмыс үшін уәде еткен төлемдер астаналықты қызықтырған. Жұмыстың мәні жасыруларды жүзеге асыру екенін түсініп, бұл әрекеттердің заңсыз және қылмыстық жазаланатынын білген жас жігіт оңай ақша табуға келісіп, Астанада екі апталық “тағылымдамадан” кейін 2 қазанда Көкшетауға келген.

Алайда Ақмолалық жедел уәкілдер жасырушыны алғашқы “жұмыс күнінде” ұстады.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 22 жастағы астаналыққа кетпеу туралы қолхат берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *