Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-да «спайс» сатқан екі жігіт ұсталды

ПЕТРОПАВЛ, 07 қазан. СҚО-да синтетикалық есірткілерді сатқан күдікті жас жігіттер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда полицейлер жедел іс-шаралар кезінде 20 жастағы қала тұрғынын және облыс маңындағы аудандардың бірінде тұратын 22 жастағы жігітті ұстап, қамауға алды. Олар синтетикалық есірткілерді сату және жарнамалауда күдікке ілініп отыр.

Қылмыстар Telegram мессенджеріндегі “интернет дүкен” арқылы жасалған. Жеке тінту кезінде, сондай-ақ жігіттер жалдап тұрған жалдамалы пәтерде есірткі заты салынған полимер түйіншіктер алынды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл “спайс” атауымен белгілі психобелсенді заттың концентраты, оның мөлшері 250-ден астам бір реттік дозаға жеткілікті. Сондай-ақ буып-түйетін материал – 500 зиплок пакеті тәркіленді.

Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі және 299-1-бабы 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Енді ғана ересектер қатарына қосылған жастардың есірткі бизнесіне қатысуы аса өзекті мәселе. Ағымдағы жылы түрлі есірткі қылмыстары үшін 25 жасқа дейінгі 27 адам ұсталды. Синтетикалық есірткілерді саудалағаны үшін 7 жас жігіт сотталды. Басқарма жастардың есірткі қылмысына тартылуының алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. ЕҚҚІҚБ қызметкерлері білім мекемелерінің оқушыларымен кездескен кезде есірткі заттарын таратқаны ғана емес, насихаттағаны үшін де көзделген жауапкершілік туралы ескертеді, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Жыл басынан облыста заңсыз айналымнан 383 кг есірткі тәркіленді, оның 2 кг астамы синтетикалық есірткі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *