Германия. Берлин. 20 желтоқсан. Берлин орталығында Гедехтнискирхе шіркеуінің маңында жәрмеңке өтіп жатқан жерде жүк көлігі адамдар тобын қағып кетті, — деп хабарлайды Deutsche Welle.
Басылымның мәліметінше, оқиға орнын полиция қоршауға алған. Мұнда өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері келген. Жергілікті БАҚ-тар адамдарды қаққан жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлап отыр.
Қала полициясы Twitter желісінде тоғыз адамның қаза тапқанын хабарлады. Кейін қаза болғандардың саны 12-ге жетті. Сондай-ақ, ауруханаға 48 адам жеткізілген. Полицейлер бұл оқиғаны теракт болуы мүмкін екенін айтып отыр, деп хабарлады N-TV құқық қорғау органдарының өкілдеріне сілтеме жасап.
Бұдан кейін жарақат алғандардың ішінде туристердің де болғанын айтады. Бұл туралы Берлин полициясының ресми өкілі оқиға орнында журналистерге хабарлады. Берлин полициясы әлеуметтік желілерде қала тұрғындары мен қонақтарынан рождество жәрмеңкесіндегі шабуылға байланысты көшеге шықпауын сұрап отыр.
Ал Washington Post Ирактағы дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ДАИШ-тың бұл қылмысты өз мойнына алғанын хабарлады.
Дереккөз: Тengrinews.kz