Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мас адам Алматыдағы балалар ойнайтын алаңды «миналанған»

АЛМАТЫ, 06 қазан. Бомба қойылғаны туралы хабар 102 пультіне сағат 19:00 шамасында түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгісіз біреу Рысқұлов және Момышұлы көшелерінің маңындағы балалар алаңына жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

Нысанды жедел тексеру кезінде қоңыраудың жалған екені белгілі болды.

«Қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйесімен әдейі жалған хабар айтып, қоңырау шалған адамды табу қиын емес. Кешенді жедел іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. А. есімді азамат мас болды және неліктен жалған қоңырау шалғанын айта алмады. Ер адам жауапқа тартылады. Әдетте, лаңкестік актісі туралы жалған хабарламаның салдарынан халық арасында дүрбелең туындап, адамдардың едәуір бөлігі жарылғыш затты іздеуге алаңдайды, бүкіл төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылады», — дейді Алатау аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.

Сондай-ақ спикер лаңкестік актісі туралы қасақана жалған хабарлағандар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *