Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан. Астана. 20 желтоқсан. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Түркия Республикасындағы елшісі Андрей Геннадьевич Карловтың қайғылы қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Жеделхатта А.Карловтың дарынды дипломат болғаны және оның кәсіби қызметі Ресей мен Түркияның қарым-қатынасын нығайтуға бағытталып,  баршаның құрметіне бөленгені атап өтілген.

«Бұл терроризм актісі осынау зұлымдықпен күрес жолында бүкіл әлемнің күш-жігерін жұмылдыру қажет екеніне тағы да көзімізді жеткізе түсті. Ешқандай зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан А.Карловтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Дереккөз: Ақорда баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *