АСТАНА, 14 қазан. Түмендіктерді лаңкестік ұйымға тартты деп айыпталған ер адамның ұсталуының егжей-тегжейлері белгілі болды. Әңгіме Барнаулская көшесіндегі онкологиялық орталықта науқастарды қабылдаған дәрігер Рашат Атавов туралы болып отыр, деп 72RU сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Іс материалдарында дәрігердің Ресейде тыйым салынған ұйымның басқа мүшелерімен бірлесіп қоғамда террористік әрекеттерді дайындауға, қоғамдық қауіпсіздік негіздеріне нұқсан келтіріп, терроризмді насихаттау мен қолдауға жағдай жасағаны көрсетілген.
Бұл қауымдастық мүшелері құқық қорғау органдарымен байланысын азайту үшін түнде пәтерлерде бас қосқан. Ол жерде олар жамағатпен намаз оқып, дәрістер тыңдап, арнайы кітаптар оқып, жамағаттың мұқтаждықтары үшін ақша жинап, жаңа адамдарды тартуды талқылаған.