Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тоқаев: ТМД елдері жаңа қауіп-қатерлерге қарсы бірлесіп әрекет ету керек

АСТАНА, 14 қазан. ТМД мүшелеріне пайда болған қауіп-қатерлерге, оның ішінде экстремизм мен терроризмге қарсы күрес саласында бірлесіп әрекет ету қажет. Бұл туралы жұма күні Достастық Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Біз жаңа қауіп-қатерлерге  жауап беру үшін алдын алу шараларын жедел әзірлеуіміз керек. Қазақстан терроризм мен экстремизмге қарсы күресте ынтымақтастықтың ұйымдық-құқықтық тетіктерін жетілдіру бойынша ТМД мемлекеттерінің бірлескен тәсілдеріне қосылады. Біз бүгін қабылданған экстремизмге қарсы іс-қимыл бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру үшін тығыз үйлестірілген жұмысқа дайын екенімізді білдіреміз», — деп келтіреді «ҚазАқпарат» агенттігі республика басшысының сөзін .

Ағымдағы саммиттің күн тәртібінде саясат, экономика және гуманитарлық салалардағы интеграциялық ынтымақтастық, ТМД аясындағы сауда-инвестициялық әріптестікті одан әрі дамыту және қауіпсіздік мәселелері бар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *