АСТАНА, 18 қазан. Сомалидегі екі жарылыс салдарынан 8 адам қаза тапты, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бірінші жарылыс полиция бақылау-өткізу бекетінде, екіншісі Джаджаб ауданындағы әкімшілік ғимаратының жанында болған.
Жарылыстардан 8 адам қаза тауып, 5 адам жараланды. Қаза тапқандар мен жараланғандардың барлығы бейбіт тұрғындар.
Билік бұл оқиғаларға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.