Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ҰҚК есірткінің таралуына таралуына жол бермеу шаралары туралы айтты

АСТАНА, 26 қазан. Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі мен психотроптық заттардың таралуына қарсы тұру шеңберінде есірткі қатерінің жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыруда, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Осылайша, 2022 жылғы шілде мен қазан аралығында 36 есірткіге қарсы, оның ішінде Ресейлік, Өзбекстандық және Қырғызстандық әріптестестермен бірлескен  операциялар өткізілді.

11 халықаралық және 14 аумақтық есірткі трафигінің арналары жойылды. Синтетикалық есірткі өндірумен айналысатын 4 жасырын лабораториясының іс-әрекеті бейтараптандырылды.

Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымдарының 59 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 282 келі есірткі, оның ішінде 32 келі героин, 11 келі апиын, 60 келі синтетикалық есірткілер, 156 келі марихуана, 22 келі гашиш алынды. Сонымен қатар, айналымнан 861 «экстази» таблеткасы және психотроптық заттарды әзірлеуге арналған 3 тоннадан аса химиялық реагенттер шығарылды.

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы тұру бойынша іс-шаралар жалғасуда.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *