Туркия Анкара. 21 желтоқсан. «Фатах аш-Шам» (бұдан бұрын — «Джабхат-ан-Нусра») лаңкестік ұйымы Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловты өлтіргені үшін жауапкершілікті өзіне алды, деп хабарлады РИА Новости.
Содырлар таратқан мәлімдемеге сәйкес, Карловты өлтірген полицей Мевлют Мерт Алтынташ ұйымның мүшесі болған.
Айта кетсек, 19 желтоқсанда Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карлов Анкарада шабуыл салдарына қаза тапқан. Қастандық елші фото көрменің ашылуына қатысқан кезде орын ұйымдастырылды.
Дереккөз: Казинформ