АСТАНА, 28 қазан. Қиыр Шығысқа есірткі жеткізген ұйымдасқан топтың қызметі тоқтатылды, қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды Хабаровск өлкесі бойынша ФҚҚ басқармасына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Ведомствоның мәліметінше, жедел қызметкерлер интернет арқылы есірткі («синтетика» және қарасора туындылары) сатуды ұйымдастырған дүкен иесі – Орынбор қаласының тұрғынын анықтады .
« Хабаровск қаласына курьерлер арқылы есірткінің аса ірі партиясын жоспарлы түрде жеткізу кезінде Хабаровск қаласының 36 жастағы тұрғыны мен Чита қаласының 32 жастағы тұрғыны қылмыс үстінде ұсталды. Олардың жеке көліктерінен 5 келіден астам мефедрон мен 1 килограмм гашиш тәркіленді. Бұл «қара нарықтағы» бағасымен құны 20 миллион рубльден асатын 20 мыңнан астам бір реттік дозасын шығаруға мүмкіндік береді… Чита тұрғынының тұрғылықты жерінде , синтетикалық және өсімдік текті 1 келіге жуық есірткі заты табылып, тәркіленді», — деп хабарлайды ФҚҚ облыстық басқармасы.
Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30-бабының 3-бөлігі, 228.1 бабының 5-бөлігі (есірткі заттарды аса ірі көлемде өткізуге оқталу) бойынша қылмыстық істер қозғалғаны атап өтілді. Хабаровскілік әйелге қатысты бұлтартпау шарасы үйқамақ, ал читалық азаматқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Топты ұйымдастырушы да ұсталды. Оның тұрғылықты жерінен интернет-дүкенді басқару үшін пайдаланылған компьютерлік техника мен есірткі заттары тәркіленді. Ол одан әрі тергеу үшін Хабаровскіге жіберілді.