АСТАНА, 02 қараша. Ұлттық қауіпсіздік комитеті көп кезеңді арнайы операцияны іске асыру барысында қарасора тобына жататын есірткі заттарын елордаға жеткізудің тұрақты арнасын жойды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
2022 жылғы 29 қазанда Полиция департаменті бөлімшелерінің қатысуымен есірткі тасымалдаушысы ұсталып, оның көлігінен еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген 15 келі гашиш табылды. Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеру барысында тағы да 17 келі гашиш пен 1.5 келі марихуана алынды.
Есірткілердің жалпы салмағы 32 келі гашиш пен 1.5 келі марихуананы құрады.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.