Қазақстан. Атырау. 22 желтоқсан. Атырау прокурорлары экстремистік материалдардің 97 интернет-сілтемесін бұғаттады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Терроризмсіз, экстремизмсіз дін» жобасы аясында Атырау қаласы прокуратурасы интернет-кеңістіктегі террорлық және экстремистік сипаттағы бейне, аудио материалдар, әдебиеттер бойынша талдау жүргізді.
Талдау нәтижесі бойынша ҚР Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары комитетіне талап жіберді. Бүгінде «Одноклассники», «ВКонтакте» желілеріндегі 97 сілтеме толықтай бұғатталды», — деп хабарлады Атырау қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінде.
Бұдан басқа, қазірде google.com, youtube.com. сайттарындағы тағы 36 сілтемені бұғаттау жұмысы жүріп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат