Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

  РФ ФҚҚ Басаев пен Хаттаб бандасының екі мүшесін ұстады

АСТАНА, 04 қараша. Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі жазаның қолданылмай қалмайтындығы принципін басшылыққа ала отырып, Ш.Басаев пен Хаттабтың бандыларының барлық мүшелерін, соның ішінде, 1999 жылдың тамызында Дағыстан Республикасының Ботлих облысы аумағында, салдарынан 280-нен астам адам қаза тауып, 800-ден астам әскери қызметкер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар жарақат алған, республика экономикасына елеулі зиян келтірілген қарулы басып кіруге қатысқандарды іздеу бойынша жұмыстарын жалғастыруда, деп РФ ФҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Ресей Федерациясының Тергеу комитетімен бірлесе отырып жүргізген жұмыс барысында бұл үшін қылмыстық жазаға тартылмаған Ставрополь өлкесінің Нефтекум ауданының тұрғындары – 1977 ж.т. Таушев Эдуард пен 1974 ж.т. Заракаев Темірәлінің осы қылмысқа қатысқаны туралы  бұлтартпас дәлелдеме базасы қалыптастырылды.

2022 жылдың 2 қарашасында Ресей Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Мәскеуде және Нефтекум ауданының Каясула ауылында Э.Таушев пен Т.Заракаев ұсталды. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 209 (бандитизм), 279 (қарулы көтеріліс), 317 (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу) баптары бойынша айып тағылу және бұлтартпау шарасын таңдау үшін алдын ала тергеу органына жеткізілді.

Өткен жылдардағы террористік сипаттағы қылмыстарға қылмыстық жауапкершіліктен құтылған қатысушыларды іздестіру шаралары жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *