Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Израиль әскерилері лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстады

АСТАНА, 08 қараша. Дүйсенбі 7 қарашаға қараған түні Израиль әскерилері Шхем мен Дженин маңында операция өткізіп, бірнеше лаңкесті ұстады, деп NEWSru.co.il сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Палестина ақпарат орталығы» әскерилердің Шхемнің шетіндегі Балата босқындар лагерінде операция жүргізіп, екі күдіктіні ұстағанын хабарлады. Операция кезінде  үйлердің шатырларында ЦАХАЛ снайперлері болды. ПАО Балатта атыс болғанын хабарлады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ, әскерилердің Шхемнің шығысындағы Салем ауылында операция жасағаны хабарланды.

Сонымен қатар, ЦАХАЛ Джениннің батысындағы Ас-Силат әл-Харития ауылында операция жүргізген.

Хевронның батысындағы Байт-Кахилде күдікті ұсталды.

ЦАХАЛ  баспасөз қызметі бұл ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *