АСТАНА, 10 қараша. Радикалды исламдық қозғалыс ұйымдары Нидерландының ұлттық қауіпсіздігіне төнген басты қауіп болып қала береді, деп EurAsia Daily басылымына сілтеме жасап Stopterror.uz хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Голландиялық терроризмге қарсы агенттігінің (NCTV) бір күн бұрын жариялаған есебіне сәйкес, терроризмге қарсы агенттік жүргізген талдау үкіметтің жиһадтық қозғалыстарға қарсы шешуші әрекеттеріне қарамастан, олардың Нидерландыдағы динамикасы болжау мүмкін емес екенін көрсетті. Олар тудыратын террористік қауіп кез келген уақытта, мысалы, олардың жұмылдыру әрекеттерінің нәтижесінде немесе сотталған лаңкестер жазасын өтегеннен кейін түрмеден босатылған кезде артуы мүмкін.
Сондай-ақ NCTV тек жиһадшылар ғана емес, кейбір әсіре оңшыл қозғалыстар да ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп санайды. Баяндамада кейбір оңшыл топтардың лаңкестік зорлық-зомбылықты «ақ үстемдік мемлекетіне» жетудің заңды құралы ретінде қарастыратыны атап көрсетілген . Агенттіктің хабарлауынша, дискурстың бұл түрі Нидерландыдағы қоғамдық пікірталастардың бір бөлігіне айналып барады.
NCTV үкіметке қарсы экстремистік қозғалыстардың біртіндеп өсуі зорлық-зомбылыққа ұласуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл топтар негізінен үкімет пен мемлекеттік институттарға деген сенімсіздік пен ашуды сезінеді, олардың кейбіреулері қастандық теорияларын таратуда. «Қастандық теориялары демократиялық құқықтық тәртіп институттарына деген халықтың сеніміне нұқсан келтіреді және олардың таралуы лаңкестік әрекеттерге әкелуі мүмкін», — деп ескертті агенттік.
Мәлімдемеге сәйкес, бұл жаңа экстремистік топтар Нидерландыда коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген шектеу шараларына наразылықтар кезінде пайда болды. Олар қоғам бөлісетін басқа тақырыптарға көбірек көңіл бөледі.«Терең дұшпандық, фанатизм және кек алушылардың зорлық-зомбылығымен сипатталатын қозғалыс пайда болуда», — делінген голландиялық терроризмге қарсы агенттігінің баяндамасында.