Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ: жыл басынан бері Сомалидегі шабуылдардан 600-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты

АСТАНА, 15 қараша. Биылғы жылдың қаңтарынан бері Сомалиде кем дегенде 613 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 948 адам жарақат алды, деп БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк мәлімдеді.  Бұл туралы Синьхуа агенттігіне  сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады.

Ф. Тюрк Сомалидегі бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандардың күрт өсуін айыптады, бұл негізінен «Аш-Шабаб» экстремистік тобының содырларының шабуылынан туындады.Оның айтуынша, бұл сол елдегі онсыз да қиын гуманитарлық және адам құқықтары саласындағы жағдайды ушықтырды.

«Биыл 2017 жылдан бері тіркелген қаза тапқандар мен зардап шеккендер санының жалпы төмендеуі тенденциясы күрт тоқтады. Сомалиліктердің күн сайын өліп жатқанына қатты алаңдаймын», — деді Ф.Тюрк өз мәлімдемесінде.

БҰҰ мәліметі бойынша, қаза болғандардың көпшілігі қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардан болған, оның кемінде 94 пайызы « Аш-Шабаб » содырларына тиесілі. Кейбіреулер осы топ жанкештілердің өзін-өзі жарып жіберуінен қаза тапты.

Ф.Тюрк қақтығысқа қатысушы барлық тараптарды халықаралық гуманитарлық құқық бойынша міндеттемелерін орындауға және бейбіт тұрғындардың қорғалуын қамтамасыз етуге шақырды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *