АСТАНА, 23 қараша. Германия 2024 жылдың мамыр айына дейін Малиден әскерлерін шығаруды көздеп отыр, деп Германия министрлер кабинетінің ресми өкілі Штеффен Хебестрейт мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады.
«Германия үкіметі бүгін 2023 жылдың мамырында Малидегі миссияны соңғы бір жылға ұзарту туралы ұсынысты Бундестагтың талқылауына енгізу туралы шешім қабылдады», — деді ол.
Осылайша, 2024 жылдың мамырына дейін Германия БҰҰ-ның Малидегі көпсалалы кешенді тұрақтандыру миссиясына (MINUSMA) қатысуын тоқтатады.
Шешім канцлер Олаф Шольц, Сыртқы істер министрі Аннален Бербок, қорғаныс министрі Кристин Ламбрехттің келісімімен қабылданды.
Қазір Малидегі ГФР 1,1 мың әскер бар.