Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ТМД-ға мүше мемлекеттердің делегациялары терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселелерін талқылады

АСТАНА, 26 қараша. 2022 жылғы 24 қарашада Бішкек қаласында (Қырғызстан) ТМД-ға мүше мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығы Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетімен бірлесіп, терроризмге және экстремизмге қарсы күрес мәселелері бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары, арнайы қызметтер және құқық қорғау органдары өкілдерінің XII өңірлік сараптамалық консультацияларын өткізді, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

Іс-шараға Достастықтың жеті мемлекетінің (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан) құзыретті органдарының және ТМД төрт органының (Шекара әскерлері қолбасшылар кеңесі, Қылмыстық-атқару қызметтері басшылары кеңесі, Қаржылық барлау бөлімшелері басшыларының кеңесі, Терроризмге қарсы орталық)  делегациялары қатысты.

Консультациялар барысында Орталық Азия өңіріндегі жағдайдың дамуы, халықаралық лаңкестік ұйымдардың әрекетінің әсерінен қалыптасқан және туындауы мүмкін қауіп-қатерлер жөнінде мүдделі пікір алмасу болды.

Шараға қатысушылар Ауғанстандағы лаңкестік әрекеттің тұрақты жоғары деңгейі ТМД елдерінің қауіпсіздігіне тұрақсыздандыратын әсер ететінін атап өтті. Осыған байланысты Достастықтың оңтүстік шекараларына жақын аумақтарда лаңкестік ошақтарының кеңеюі және көршілес елдерде халықтың радикалдануының өсу қаупі сақталады.

ТМД мемлекеттері үшін қазіргі кездегі қауіпсіздік қатерлерінің қатарында лаңкес-содырлардың трансшекаралық қозғалысы, террористік (соның ішінде «ұйқыдағы») ұяшықтар желісін құру, террористік идеологияны тарату және ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалана отырып ХТҰ рекрутингтік әрекеттерді жүргізу жатады.

Қатысушылар терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін растады, оның ішінде:

  • өзекті ақпаратпен алмасу;
  • заңсыз көші-қон арналарын, қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар контрабандасы, сондай-ақ жалған құжаттар жасалған орындарды анықтау және жолын кесу бойынша бірлескен келісілген іс-шараларды жүргізу;
  • ақпараттық кеңістіктегі ХТҰ қызметіне қарсы әрекет ету, оның ішінде үгіт-насихат, топ қатарына қабылдау және қаражат жинау;
  • террористік сипаттағы қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық қудалаудан жасырынған адамдарды мемлекетаралық іздеуді жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуде өзара іс-қимылды жетілдіру.

XII Аймақтық сарапшылық консультациялар барысында әзірленген ұсыныстар Қорытынды құжатта көрініс тапты.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *