АСТАНА, 27 қараша. Жұма күні Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Эспириту-Санту штатындағы Аракруз қаласындағы екі мектепте атыс болып, салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, 13-і жараланды, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Штат губернаторы Ренато Касагранде полиция оқиғадан төрт сағат өткен соң 16 жастағы күдіктіні ұстағанын айтты.
Қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшының айтуынша, күдікті алдымен мемлекеттік мектептердің бірінің мұғалімдер бөлмесінде оқ жаудырған. Салдарынан екі мұғалім қаза тауып, бірнеше адам жараланған.
Содан кейін ол көлікпен басқа мектепке келіп, 16 жастағы оқушыны атып өлтіріп, бірнеше адамды жаралаған.