Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бразилия мектептеріндегі атыс: қаза тапқандар саны төртке жетті

АСТАНА, 27 қараша. Бразилияның Аракрус қаласындағы екі мектепте болған атыс құрбандарының саны төртке жетті, деп хабарлайды РИА Новости G1 жаңалықтар порталына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 
Бұған дейін үш адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
«Екі мектепте болған атыс құрбандарының жеке басын анықтау басталды, нәтижесінде төрт адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды», — деп хабарлайды БАҚ.
Үш мұғалім мен бір оқушы қаза болды.
Жұма күні күдікті алдымен мемлекеттік мектептердің бірінің мұғалімдер бөлмесінде оқ жаудырған . Салдарынан екі мұғалім қаза тауып, бірнеше адам жараланды.Одан кейін ол көлікпен басқа мектепке барып, 16 жастағы оқушыны атып, тағы бірнеше адамды жаралады.
Штат губернаторы Ренато Касагранде полиция оқиғадан төрт сағат өткен соң 16 жастағы күдіктіні ұстағанын айтты. Ол осы мектептердің бірінде оқитын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *