Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Абай облысының тұрғынынан 1.5 келіге жуық есірткі тәркіленді

СЕМЕЙ,  24 қараша. Абай облысының тұрғынынан бір келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

9 қарашада “Рефлекс” ЖПІШ өткізу барысында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен Көкпекті ауданының 46 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ер адамға тиесілі үйі мен ауласын шұғыл тінту барысында ерекше иісі бар жасыл-қоңыр түсті ылғалды өсімдік массасының 25 шиыршығы табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат 1,4 келі марихуана болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *