ПЕТРОПАВЛ, 29 қараша. Петропавл тұрғынынан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл тұрғынын жасыратын жер ұйымдастыру арқылы синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен қыркүйек айының соңында гараж кооперативтерінің бірінің маңында полицейлер ұстады. Жеке тінту кезінде 24 жастағы қалалықтан трикосының қалтасынан кристал тәрізді зат салынған үш полимер түйіншек және портфелінен 20 түйіншек тәркіленді. Оның жауабын тексеру барысында гараждардың бірінің қабырғасының астынан жасырын орын табылды. Полицейлер осындай 60 түйіншек салынған пакет тәркіледі.
Бүгінгі таңда сараптама нәтижелері алынды. Оған сәйкес, тәркіленген зат “тұз” деген атпен белгілі α-PvP синтетикалық есірткі болып шықты. Алынған заттың жалпы салмағы 40 грамға жуық. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Жас жігіт қамауда.
– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Есірткі өткізу үшін заңнамамен қатаң жауапкершіліктің, оның санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көздейтінін еске саламыз, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.