АСТАНА, 05 желтоқсан. Нигерияның күш құрылымдары арнайы операция нәтижесінде Кацина штатындағы мешіттен кепілге алынған 19 адамның 6-ын босата алды, деп полиция өкіліне сілтеме жасап Xinhua агенттігі хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Құқық қорғау органының өкілінің айтуынша, қылмыскерлер Майғамджи ауылындағы мешітке шабуыл жасады, атыс салдарынан екі адам жараланып, 19 адам кепілге алынған. Сенбі күні кешке полиция екі адамды құтқарса, жексенбі күні тағы төрт адам босатылды. Билік кепілге алынған қалған адамдарды іздеуді жалғастыруда.
3 желтоқсанда қарулы топ Майгамджиге көршілес Фунтуа ауылындағы мешітке шабуыл жасады. Қылмыскерлер еріксіз оқ жаудырып, жергілікті имамды қосқанда 12 адамды өлтірді, сонымен қатар он шақты адамды кепілге алды. Тұрғындардың айтуынша, қылмыстық топ қомақты ақша талап еткен. Билік аймаққа күшейтілген полиция жасағын жіберді.